Әдістемелік көмек көрсетті



Өткен аптада Жетісу облыстық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Рүстем Қалиев ауданымызға арнайы келіп, өңірдің спорт саласының мамандарымен жүздесті. «Аманат» партиясы Сарқан аудандық филалының мәжіліс залында өткен жүздесу аясында Рүстем Жарқынбайұлы еліміздің өсіп-өркендеуі жолында спорт саласының рөлі айрықша екендігін, мемлекет соңғы жылдары аталмыш салаға үлкен қамқорлық танытып келе жатқандығын айта келе мамандарды соған сай қажырлы еңбек етуге, ауыл жастарын лайықты тәрбиелеуге, бұқаралық спортты дамутыға үндеді. Ауылдық округтердегі спорт саласының өкілдері жұмыс барысында туындаған сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті, пікірлерін ортаға салды.. Кездесу соңында Жетісу облыстық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы директорының орынбасары Дәурен Нұртаев және аталмыш орталықтың аудандық және қалалық бөлімшелермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Жансая Үсен спорт мамандарына әдістемелік көмек көрсетті.


Жиыннан соң Рүстем Жарқынбайұлы Алмалы, Амангелді ауылдық округтерін аралап, аталмыш елді мекендердегі спорт саласының жай-күйін көзбен көріп қайтты.


П.ЖЕҢІСХАН.
Сарқан ауданы.

Мәліметпен бөлісу: