Үгіт насихат жұмыстары басталды

Қарауылтөбе ауылында аудан әкіміне үміткердің сенім білдірген өкілдерінің ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындарының қатысуымен сайлау алды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Кездесу аясында үміткердің сенім білдірген өкілдері ағымдағы жылдың 5-ші қарашасы күні өтетін Сарқан ауданының әкімін сайлау науқанына белсене атсалысуға, құқықтық сауаттылық көрсетуге және әрбір сайлаушының сайлауға қатысу құқығын іске асыруға шақырды. Ұйымдастырушылар өз сөздерінде сайлауға қатысу — азаматтардың бейқам бақылаушы емес, өз елі, өз жері үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші екендігін, саяси науқанға бейқамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашатындығын,

сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды рөл атқаратындығын сөз сөздеріне арқау етті.
Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі, таңдау құқығын пайдалану арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Сайлаушылармен емен-жарқын жүздесу аясында осындай жарқын сөздер сөйленіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Мәліметпен бөлісу: