Тәуелсіздік таңының арайы

Өткен жылдан бері елімізде Республика күні араға ондаған жылдар салып қайтадан салтанатты түрде аталып келеді. Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Негізінде 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. 

2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.

Сөзсіз бұл еліміздің егемен атануындағы, тәуелсіздік жолындағы тарихи құжаты, тұңғыш қадамы болатын. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Аталмыш Декларация Қазақстанның мемлекеттілік негізін қалаған алғашқы заңдық құжаты болып табылады. Декларацияда қазақ халқының тілі, салт-дәстүрі және ұлттық намысын қайта жандандыру мен дамыту ең басты міндеттердің бірі болып белгіленді.

Республика күні құтты, еліміз аман, жеріміз бүтін, заманымыз тыныш болсын!

Мәліметпен бөлісу: