Медициналық пунктер Сарқан қаласына қарасты Бірлік ауылында, Бақалы ауылдық округіне қарасты Қазыбаев және Черкасск ауылдық округінің Ешкіөлмес ауылдарында қолданысқа берілді.
Бақалы ауылдық округіне қарасты Кәкімжан Қазыбаев ауылының медициналық пунктінің ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Асқат Мейрамғалиұлы ауылдастарды айтулы қуанышпен құттықтап, салтанатты ашылу лентасын қиды.
Осы уақытқа дейін тұрғындарға медициналық көмек бейімделген ғимараттарда көрсетіліп келсе, жаңадан ашылған пунктер қажетті талаптары болмаған нысандарда орын алатын мәселелерді толық шешті.
«Бірінші байлық-денсаулық» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Адам баласының денсаулығы-қоғамның зор байлығы. Ал, бай қоғам — жарқын болашақтың кепілі. Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуда алдымызда үлкен міндеттер тұр. Олар: әлеуметтік медициналық сақтандыруды, медициналық қызметтер сапасының бірегей стандарттарын, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу, ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейту, жеке медицинаның дамуына жағдай жасау.» — деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Асқат Мейрамғалиұлы.
Салтанатты шара соңында ақсақалдардың ақ батасымен ас берілді.