Еріктілер жемқорлыққа қарсы бірікті


Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары! Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. 1424 нөміріне қоңырау шалу арқылы Сіз ақпаратты сеніп тапсыра аласыз немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.
Call-орталық тегін ақпарат-тық-консультациялық қолдау көрсетеді, өтініштер мен шағым-дарды, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген жағдайлар туралы телефон хабарламаларына дереу ден қояды.Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!
Осындай мәтін «Сарқан су құбырының» 10 000 дана түбіртегіне жазылып, өз тұтынушыларына таратылды. «Сарқан су құбырының» қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасының бір топ еріктілері түрлі қызмет көрсету нысандарына, мекемелерге, көпшілік орындарға, жеке меншік тұрғын үйлерге бас сұғып, көпшілікке аталмыш шараның мақсатын, мән-маңызын жан-жақты түсіндірді. Тұрғындарға сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу маңызды екендігі, ол үшін кез келген сыбайлас жемқорлық белгілері бойынша жоғарыда аталған телефонға хабарласып, тиісті көмек ала алатындығы айтылды.


Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: