Апта басында AMANAT» партиясынан ұсынылған Сарқан ауданы әкіміне үміткер Ғалымжан Маманбаев аудандық мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен жан-жақты таныстырды. Заңсыз иеленген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, мұқтаж жандарға беру, азаматтарды тұрғын үймен қамту, инфрақұрылымды дамыту, спорт нысандарын, мәдениет ошақтарын салу сынды бағыттар бойынша нақты жоспар-жобаларымен бөліскен Ғалымжан Қанатұлы сайлауалды бағдарламасында ең бастысы өңір азаматтарының өмір сүру сапасын жоғарылатуға айрықша басымдылық берілетіндігін атап өтті.
Сайлаушыларымен емен-жарқын әңгімелесіп, ағымдағы жылдың 5 қарашасында өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталған Сарқан ауданы әкіміне үміткер Ғалымжан Маманбаев саяси науқанға белсенділікпен атсалысуға шақырып, сөзін түйіндеді.
Өз тілшіміз.