1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Бұл күн егемен ел тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал теңге — Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттілігіміздің басты белгісіне айналды.
Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күретамыры – жүз жылға жуық тарихы бар қаржы жүйесін айналып өту мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз бірде-бір саланың толыққанды қызметін көзге елестете алмаймыз.
Осынау атаулы күн аясында «AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалының төрағасы Асхат Құдабаев аудандық қаржы саласында жемісті еңбек етіп жүрген жандарды Ұлттық валюта – Теңге күнімен және кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Асхат Әуесханұлы аудандық Қазынашылық басқармасының қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тілеп, алғыс хат табыстады.
Өз тілшіміз.