«Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жеке кәсіпкер «Бәйтерек-94» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының еріктілері бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін «Сыбайлас жемқорлықсыз әлемді қолдаймыз» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акция халық арасында дұрыс көзқарас қалыптастырып, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Осы мақсатта 500-ге жуық аудан тұрғындарына үнпарақтар таратылды.
Қоғам дертіне айналған жемқорлықтың жолын кесуге бекінген еріктілер мекеме, ұжымдарды, дүкендерді аралап, тұрғындарға ескертпе қағаздар таратты. Халық көп шоғырланған орындарға «Жемқорлыққа жол берме», «Жемқорлыққа жол жоқ» сынды мәтіндері бар плакаттарды жабыстырды. Айта кетейік, аталған үнпарақтарда ақпараттармен бірге жемқорлық сипатындағы әрекетке тап болған жағдайда қайда және қалай хабарласуға болатыны да жазылған.
сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ #сыбайлас жемқорлық қоғам дерті#сыбайлас жемқорлықсыз әлемді қолдаймыз