
Сарқандықтарға Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының орындауында “Құзғын” әлеуметтік драмасы ұсынылды.

«Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында көрсетілген қойылым аудан тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында көрерменге ұсынылды.

Шараға жас ерекшелікке қарамай көрермен болған аудан тұрғындарына қойылым ерекше көңіл күй мен танымдық ой сыйлады.
@bikenrimova_teatry
