Жетісу облысында алғаш рет «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

Бүгін Жетісу облысы бойынша AMANAT партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I өңірлік форумы өтті.

Аймақта алғаш рет ұйымдастырылған шараға «AMANAT» партиясы атынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыстық басқарма және департамент басшыларымен, партия ардагерлері мен белсенділері қатысты.


Мақсат- жергілікті атқарушы орган өкілдерімен байланысты нығайту. Яғни халық қалаулары өздеріне дауыс берген сайлаушылардың мәселелерін мінберден көтеріп, оның шешілу жолдарын жеңілдетпек. Сонымен қатар шарада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Форум соңында депутаттар сала-сала бойынша секцияларға бөлініп, өзекті мәселелерді сөз етті.

Мәліметпен бөлісу: