«Қарызсыз қоғам» жобасы басталды


«Аманат» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, елімізде 8 млн 400 мың адамның басында несие бар. Оның ішінде, 1 млн 700 мың адам уақытында төлемейді.

Осы себепті, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында елімізде «қарызсыз қоғам» жобасы басталды.

Жоба аясында, Жетісу облысында 6500 адам қаржылай сауаттылық курсын оқымақшы. Олар Ескелді, Ақсу, Көксу, Панфилов ауданында және Талдықорған қаласында 5 ақпаннан бастап 9:00-13:00 және 14:00-18:00 аралығында білім ала алады.

Оқыту 5 күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджет жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, қаржылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды үйренесіз.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады.

Егер де сіз жоба қатысушысы болғыңыз келсе, жергілікті әкімдікке немесе «Аманат» партиясына хабарлассаңыз.

Мәліметпен бөлісу: