Талдықорғандағы домофондық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік ортаны талдау


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Талдықорған қаласы домофон жабдығына техникалық қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жәй-күйіне талдау жүргізді.

Талдау көрсеткендей, 2022 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2023 жылдың алғашқы 8 айында домофондарға қызмет көрсету үшін абоненттік төлем бағасы өзгеріссіз қалып, айына 300 теңгені құрады. Бұл қызметтерді ұсынатын компаниялар тұтынушыларға қызмет көрсетудің бірыңғай құнын белгілеу арқылы тұтынушылардың таңдау мүмкіндігін шектеді. Бұл тіркелген бағаларды қолдауға және ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамасын бұзуға әкелді.

Нәтижесінде Департамент Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабында тыйым салынған, қызметтерге бағаны ұстап қалудан тұратын аталған компаниялардың келісілген іс-қимылдарының белгілерін анықтады.

Осыған байланысты, Департамент нарық субъектілеріне бәсекелестікке қарсы заңнаманы бұзу туралы хабарламалар жіберді.

Хабарламалар орындалды.

Мәліметпен бөлісу: