Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкердің құқықтарын қозғайтын нормативтік актілерде қайшылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы) турникеттерді орнату талап етіледі, ал үкіметтің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысына сәйкес турникеттерді орнату талап ету көзделмеген.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік актілердің иерархиясын ескермей, жеке балабақшаларда қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесінің (турникеттердің) болуын талап еткен.
Департаменттің енгізілген ұсынымдарының нәтижелері бойынша Білім Министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілді, онда турникеттерді орнату жөніндегі талаптар алынып тасталды.
Осылайша, 98 мектепке дейінгі мекемелердің құқықтары қорғалды.