Ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай аудандық ардагерлер үйінде тәуелсіздік құрдастары аға буынның ақыл-кеңесін тыңдады.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған жылдары дүниеге келген жас буын бүгін отыз жаста. Орда бұзар жасқа келген бұл толқынның арасынан мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, жеке кәсіпкерлер көптеп шыққаны жұртқа аян. Ауданымыздағы мекеме-ұйымдардың белді қыз-меткерлерінің сапын құрайтын отыздағы оғландардың аға буыннан естігісі келетін ой-пікірлері аз емес. Сондықтан да жастар Сарқан ауданының Құрметті азаматтары Болат Рахметқалиев, Қанат Маманбаев, Азамат Сәрсембаев, Қадыл Жанасбеков, Жәлел Сасанбаев, Жомарт Игіман, Шолпан Асқарғалиева, Күлману Марданова, Батыр ана Рысжан Әбдіразақова және басқа да ардагерлердің Тәуелсіздік туралы толғаныстарына қызыға ден қойды. Кездесу барысында сұрақ-жауап өріс алып, ардагерлер мен жастар естелік суретке түсті.
Өз тілшіміз.