Ақсулық наубайханашы күніне 200 дана нан пісіреді

Ақсу ауданының тумасы  25 жасар Айдос Жұманов жасына қарамастан өңірдегі жалғыз наубайхананың тасын өрге домалатып отырған азамат.

Өткен жылы мамыр айында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері оқуын бітіріп, сертификатын алды. Заң аясында екі апталық курстан өткен жас жігіт, 2022 жылы сәуір айында 1 225 200 теңге көлемінде грант алды. Қолға тиген қаражаттың көлеміне қарай, облыс орталығынан  наубайхана цехына керек заттарын алып, өз ісін ашты.

Сауданың тегін, кәсіптің ебін білген Айдос Жанарысұлы өзі тұратын Сағакүрес ауылында нан өнімдерін шығарып ауыл түрғындарын ас атасымен қамтамасыз етіп отыр.  Кәсіптен нәсібін тапқан жан отбасында асырап жүрген жайы бар.

«Өткен жылы грант алу үшін екі апта онлайн оқуын оқыдым.  Бұйыртып грантқа қол жеткіздім. Берілген ақшадан шашау шығармай, пештермен нан илейтін құрылғыны алдым. Бұл наубайхана ауылымызда жалғыз. Бүгінде ауылдағы 7 дүкеннің 5-еуіне тұрақты түрде нан өнімдерін өткіземін»,-дейді жас кәсіпкер.

Айдос тәулігіне 200-300 дана нан өнімін дүкен сөрелеріне жөнелтеді.  Өзінің айтуынша, келіп түсер тапсыры саны әр күні әр қалай екен. Дегенмен дәл осы сәтте айы оңынан туып-ақ тұр. Мемлекеттік бағңдарламаның игілігін көрген Айдос тек кәсібін ашып қоймай екі адамды жұмсыпен қамтып отыр. Алдағы уақытта  цеты кеңейтіп, бұл ісін отбасылық кәсіпке айналдырмақшы.

Мәліметпен бөлісу: