Абай -дана, Абай-дара қазақта!

Ақпан айының басында  Қойлық ауылдық К.Қазыбаев атындағы мәдениет үйінің кітапханасында мәдениет үйі қызметкерлерінің, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының және кітапханашылардың ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына орай “Абай -дана, Абай-дара қазақта!” атты көркем сөз байқауы өтті.

Қандай елдің болмасын мақтан тұтар ұлдары болатыны белгілі. Міне қазақ халқының осындай бір мақтан тұтар ұлдарының  бір ғұлама ойшыл әрі біртуар ұлы ақыны Абай Құнанбаев. Оның өмірі мен шығармашылығы қазақ елі үшін әлі күнге дейін биік әрі болашақтың жарқын бағдары іспеттес болып отыр.

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айту, сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру мақсатындағы байқауға жас жеткіншектер  белсене атсалысып, ұлы тұлғаның әдеби мұрасына деген сүйіспеншіліктерін танытып, білім-біліктерін ортаға салды.

  А.Сапарова,

Қойлық ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы, БПҰ мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: