Абай даналығы

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,           

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. 

Соқтықпалы,  соқпақсыз жерде  өстім,   

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма».

 (Абай)

2020 жыл еліміз үшін ерекше рухани оқиғалар кезеңіне айналғалы отыр. Халқымыздың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойын жоғары деңгейде атап өту біздің елдігімізді, егемендігімізді, еңселі мемлекеттігімізді айшықтайтын болады. Ұлыларымызды ұлықтап, даналарымызды төрге оздыру – халқымыздың мерейін үстем ететін игілікті дәстүр. Біз осы ұлы тұлғалар арқылы қазақ даласында ежелден өркениеттің, білім мен ғылымның, әдебиеттің өркен жайғанын бүкіл әлемге жан-жақты паш ететін боламыз. Сондықтан бұл мерейтой  бәріміз үшін, әрине, үлкен сын, тарихи жауапкершілік болып табылмақ.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясында Н. Островский атындағы мектеп-лицейінде Ұлы Абайдың 175 жыл мерейтойына арналған,  ел  ертеңі  өскелең  ұрпақты  ұлтымыздың  ұлы  ақыны  Абай шығармалары арқылы саналы да сапалы етіп тәрбиелеу, Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, жастардың әлем мен жаратылысқа, қоғам мен жеке адамдарға деген көзқарасын, түсінігін, санасын Абай әлеміне саяхат жасау кезінде Абай ойлары  арқылы қалыптастыру,  Абайдың рухани әлемімен рухтандыру, қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану, Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін ұғындыру, ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, Абай тағылымы арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне әсер ету, оларды жан-жақты дамыту,  пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау мақсатында  «Абай даналығы» атты айлық іс –шара қаңтар айынан бастау алды. Мектеп-лицейінің бұл іс-шарасына мұғалімдер мен оқушылар ат салысып, таңертеңгі және үзіліс уақытында Ұлы Абайдың тағылымдық қара сөздерінің  аудиожазбасы тыңдатылып, түрлі байқаулар, мәнерлеп оқу сайыстары, қара сөздерін жатқа айту сайысы,  эссе, шығарма жазу сайысы, әдеби монтаж, дөңгелек үстел, жас ақындар мүшәйрасы, Абайдың тағылымды өмірінен не поэмаларынан көрініс көрсету, Абай аудармаларын үш тілде орындау (қазақ, орыс, ағылшын) сайысы, әдеби-сазды кеш, қабырға газеттерінің байқауы, кітапханашылардың ұйымдастыруымен кітап көрмесі, Абай әндерінің байқауы, «Білектей арқасында өрген бұрым» атты қыздар сайысы өз жалғасын табуда.

Н. Островский атындағы мектеп-лицейінің

 қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі.

Мәліметпен бөлісу: