Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Президент мақаласында Абай әлемін бүгінгі күнмен, мемлекет құрылысымен, ел дамуымен байланыстыра отырып кеңінен талдау жасады.
Бұл баршамызға Абай мұрасына жаңаша қарау керектігін аңғартты. Жуырда Көктерек ауылдық кітапханашы Ж.Байбаракова мен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы С.Жармұхамбеттің ұйымдастыруымен Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы — халық қазынасы» атты библио — кафе өтті. Ас мәзіріне: 1.Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен еңбек жолы; 2. Абай Құнанбайұлының шығармашылығы; 3.Ақынның өлендерін «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып» лирикалық өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу кірді.
Оқырмандар ең үздік, мазмұны терең, маңызы зор Абай Құнанбаевтың кітаптарын алып қана қоймай, әзірлеген дәмді дастарханнан дәм татты. Соңынан Абай атамыздың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Желсіз түнде жарық ай» өлеңдері шырқалды. Жайылған дастархан басында әр оқырман өзінің жүрекжарды ақ тілегін айтып, ізгі ниетін білдірді. Библио -кафеге оқырмандар қатысып, соңынан естелікке суретке түсті.
Ж.Байбаракова,
Көктерек ауылдық кітапханашысы, БПҰ мүшесі.