Ауызбірлігі жарасқан Қарабөгет ауылының абысындары таңдау жасады Бүгін саялы өңіріміз үшін маңызды науқан — Сарқан ауданы әкімінің сайлауы өтуде. Саяси науқанға “Республикалық Абысын — ажын “ байқауының жүлдегерлері Қарабөгет ауылының №369 сайлау учаскесіне бір ауыздан келіп, дәстүрлі киім үлгісінде таңдауларын жасады. «Аудан әкімін тарихта алғашқылардың бірі болып сайлап отырмыз. Ауданымыздың алдағы болашағы үшін таңдау жасау әр-бір өңіріміздің азаматы үшін парыз деп санаймыз. Барша сарқандықтарды саяси науқанға белсене атсалысуға шақырамыз.»,- дейді абысындар.