Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады


Қоғам үшін ең бастысы — тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі — заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық — адам бостандығы.

 «Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»

Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.

Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.

Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар.

Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады.

Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер — аты, тегі, әкесінің аты.

Мәліметпен бөлісу: