АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Конституция – еліміздің Ата заңы. Барлық құқықтық қатынастар мен заңдар конституциядан бастау алады. Сондықтан уақыт пен қоғам талабына сай конституция жаңаруға ұмтылған еліміздің өзегі, алтын арқау деуге болады.

Сонымен бірге саяси-құқықтық институттарды жаңғыртудың маңызды кезеңдерінің бірі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру — Жаңа Конституцияда адамға бағдарланған ұстанымнан көрінеді. Бұл ең алдымен адам құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа нормалар мен түзетулерден байқалады. Атап айтқанда, заңның кері күшіне жол бермеу, кінәсіздік презумпциясы, жеке өмірге қол сұқпаушылық. Сондай-ақ банктік операцияларды, салымдар мен жинақтардың хат алмасу мен телефон арқылы сөйлесудің құпиясын қорғау конституциялық деңгейде бекітілген. Жаңа Конституцияда тұрғын үйге қол сұғылмаушылыққа және азаматтың мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды мемлекет есебінен өтейтін құқығына ерекше мән берілген. Бұл өркениетті қоғамға ұмтылыстың айқын нышаны. Жоғарыда айтылғандардың негізінде жаңа конституциямыздың басты әрі негізгі ерекшелігі адам құқықтары мен бостандықтарына бас мән беруінде деуге болады. Қазіргі таңда адамның жеке деректерін қорғау, цифрлық қауіпсіздік өте өзекті. Ал жаңадан қабылданған Ата заңымыз осынау қауіпсіздікті барынша қамтамасыз еткен құжат деп санаймын.

Мұрат ТҮСІПОВ,

Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: