Адастырар жол – діни экстремизм

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.

Қаңтар айының 11 күні жастар ісі жөніндегі əдіскер нұсқаушысының ұйымдастыруымен, К.Қазыбаев атындағы мектептің мəжіліс залында «АДАСТЫРАР ЖОЛ-ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге 9 сынып оқушылары мен Бақалы ауылының имамы қатысты.Кездесудің мақсаты – барлық елде қаупі күшейіп тұрған экстремизм мен терроризм індетімен күресу, оның алдын алу болып табылады.

Еліміздің айрандай ұйыған ауызбіршілігіне іріткі салып жүрген жатпиғылды ұйымдар мен діни бірлестіктер үлкен мәселе тудырып келеді. Міне, бүгінгі оқушылармен кездесу өткізуіміздің себебі сонда, өйткені, қазір олардың ең бірінші жастардың санасын жаулап алып, қару ретінде пайдаланатындықтан жастар осындай алдау-арбаудан сақ болулары керек.

Бақалы ауылының имамы өз сөзінде: «Ислам сөзінің өзі тыныштық, бейбітшілік деген сөзді білдіреді. Исламда біреуге қиянат ету, біреуге қастандық жасау деген болмаған ондай адамдардың күнәсі ауыр болады. Орта Азияға ислам діні тарай бастаған бері Ханафи Мазхабы бойынша құлшылық етіп келеді. Қазірде елімізде көптеп мешіттер салынуда. Міне осыны пайдаланған жатпиғылды ұйымдар өздерінің арам мақсаттарын дінді бұрмалау арқылы жүзеге асырмақ. Құдайды танудың бір жолы бұл ілім-білім алу, қаншалықты білімді болсақ соншалықты көкірек көзіміз ашылады. Сонда ғана Жаратушы иемізді танып білеміз. Құранның ең алғашқы сөзі оқы, тағы да оқы деген сөз болған. Міне Алла Тағаланың өзі де оқыған білімді пендесін сүйген» деп исламда экстремистік идея жоқтығын онда жүрген адамдардың іс-әрекеттерін қолдамайтындығын атап өтті.
Кездесу барысында діни экстремизм туралы слайд пен қысқа метражды видео көрсетіліп, арнайы таратпалар таратылды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап алды.

О.ҚУАТПЕКОВ,
Бақалы ауылының жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы.

Мәліметпен бөлісу: