АЭС құрылысын салу және оның еліміз үшін артықшылығы

Жуырда аудандық халықтық штаб мүшесі Қарабөгет ауылындағы ұлы ғұлама әл Фарабидің атын иемденген білім ордасында болып жергілікті тұрғындармен және орта мектеп ұжымымен кездесті.
Аталған жиында АЭС құрылысын салу және оның еліміз үшін артықшылығы – талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Халықтық штаб мүшесі электр энергиясына зәрулік өсіп келе жатқан қазіргі уақытта АЭС құрылысы елімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі негізгі шешім ретінде қаралып отырғанын атап өтті.


«Атом электр станциясы –экологиялық ең таза және қауіпсіз энергия көзінің бірі. Оның құрылысы көмірді пайдалануды едәуір қысқартуға және қалалардағы ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АЭС жоғары білікті жұмыс орындарын ашады және инженерлердің, энергетиктердің, ядролық физиктердің, құрылысшылардың және басқа мамандар мансабының өсуіне ықпал етеді», деп атап өтті штаб өкілі.

Мәліметпен бөлісу: