Бүгін Қарашыған ауылдық округ тұрғындарына аудандық халықтық штаб мүшелері Асхат Искаков пен Руслан Саттибеков еліміздегі энергетикалық мәселелер, оның ішінде АЭС (атом электр станциясы) салудың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Штаб мүшелері АЭС-тің экономикалық тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі, және Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығына ерекше назар аударды.
Кездесу барысында АЭС-тің қазіргі заманғы технологияларының қауіпсіздігі мен сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтып, әлемнің дамыған елдеріндегі тәжірибелерді мысалға келтірді. Олар Қазақстанның экономикалық және экологиялық тұрақтылығын нығайту үшін атом энергиясын дамыту қажет екенін алға тартты.