Осындай атаумен өткен аптада мерейлі мереке-Конституция күніне орай «Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалында арнайы шара өтті. Жиын бастауында аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жәлел Сасанбаев атаулы күннің егемен ел тарихындағы орнын айшықтап, Елбасы партиясының аудандық 3473 мүшесі атынан ыстық ықыласын білдірді.
Сондай-ақ Жәлел Болатханұлы бірқатар жандарға партиялық билет, Алғыс хат табыс етті. Өз кезегінде аудандық кітапхана қызметкері Айжан Сабитова, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Гүлжан Қисабекова әлемдегі үздік 50 Конституция қатарынан көрінген, адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бәрінен жоғары қойған Ата заңымызды ардақтайтын мерекеге орай жылы лебіздерін ақтарды.
Өз тілшіміз.