Қайырымдының қазаны ортаймайды

      Қайырымдылық ежелден халқымызға тән қасиет. Лепсі ауылында Анияш Иманбаеваны аға буын өкілдері қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқорлыққа мұқтаж адамдардың жанынан табылатын үлкен жүрегі үшін құрмет тұтады. Жуырда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Павлодар қаласында өткен «Жомарт жүрек» байқауына арнайы шақырылған Анияш Абзалқызы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қолынан «Жыл қамқоршысы» номинациясы бойынша республикалық конкурстың жеңімпазы» деген диплом алды.

     Лепсілік жомарт жүректі жандардың қайырымды қадамдарына ауыл тұрғындары дән риза. Лепсі ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Кенжебек Қасенов ұлы Мақсаттың атынан аз қамтылған отбасы Қайрат Мынжасаровқа үйдің кілтін табыс етті.

      Сарқан аудандық мәслихатының депутаты, “Искаков” шаруа қожалығының басшысы Асхат Искаков 11 аз қамтылған отбасының игілігі үшін ірі қара мал сойып, жұртшылық ризашылығына бөленді.

       Көпшілік игілігіне ұсынылған нысандар қатарында сонымен қатар «Узбечка» кафесі мен «Достар» шағын маркетін атауға болады.

       Мерекелік іс-шараның қорытындысында жұртшылық назарына Лепсі ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дайындалған концерт ұсынылды.

Жомарт Игіман,

Сарқан аудандық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: