Алғашқы қадамды жасаңыз!

Бүгінгі таңда халықтың көп бөлігі церебралды сал ауруы секілді және инсульт пен жұлынның зақымдануы салдарынан туындайтын жарақаттарды  оңалту бағдарламасын қажет етеді.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен оңалту міндетті медициналық сақтандыру пакетіне енгізілді, яғни, «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар емхана жолдамасы бойынша, сонымен бірге жеңілдік санатындағы балалар мен 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер секілді азаматтар оңалту бойынша медициналық көмекті алуға мүмкіндік алады.

Алматы облысында тірек-қимыл аппаратын қалпына келтіру бойынша сәтті жүргізіліп жатқан бағдарламалардың бірі – Талдықорған қаласында орналасқан, Алматы облысы бойынша медициналық сақтандыру Қорымен шарт жасасқан «Асар» оңалту орталығы болып саналады.

«Асар» орталығында материалдық-техникалық жабдықтау ұйымдастырылған. Жоғары білікті медицина қызметкерлері және кәсіби оқытылған спорт жаттықтырушылары жұмыс істейді, церебральды сал ауруы диагнозымен тірек-қимыл аппараты мүгедектері инсульттан кейін оңалту бағдарламасын өтеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде орталықта Қазақстанның әр аймақтарынан екі жүзден астам мұқтаж адамдар оңалту курсынан өтті. Оларды тіркелген орны бойынша емханалары медициналық көреткіштері бойынша жолдама бойыша жіберген. Сондай науқастардың бірі Жамбыл облысынан келген.

– Мен Тараздан келдім. Медициналық сақтандыру үшін әр ай сайын үздіксіз жарна төлеп отырамын. Сондықтан, медициналық сақтандыру аясында Талдықорған қаласына келдім. Келу себебім, екі жыл бұрын мен жұлынымнан жарақат алдым, төсек тартып жатып, қалпына келтіру бағдарламасын өту үшін Қазақстандағы түрлі оңалту орталықтарына болдым. Бірақ өкінішке орай мен бас тарттым, өйткені олар төсек тартып жатқан науқастарды қабылдамайды. Тұрғылықты жерімдегі жергілікті терапевтке жолықтым, маған портал арқылы қосымша қаржылық шығындарсыз оңалтуға жолдама берді. Мен «Асар» орталығы мен МӘМС-ке осындай оңалту бағдарламасы үшін және маған осындай медициналық көмекті алуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі медициналық қызметтердің сапасын, қол жетімділігін арттыруға бағытталған. Сақтандырылған азаматтарға аталған медициналық көмектерге тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы.

Мәліметпен бөлісу: