
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Сарқан шекара бөлімінің «Екіаша» шекара бөлімшесі Екіаша ауылындағы Қарауылтөбе орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына «Шекара қызметінің атқаратын міндеті» тақырыбында көрсетілім сабағы өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға шекара қызметінің негізгі міндеттері, әскери қызметтің ерекшеліктері және Отан қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шекарашылардың рөлі таныстырылды.
Сонымен қатар, әскери қызметшілер саптық дайындық элементтері мен қызмет барысында қолданылатын кейбір іс-әрекеттерден көрініс көрсетіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Көрсетілім сабағы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және әскери мамандықтың маңызын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
