Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деп көрсетілген. Оған ешкімнің де қол сұғуына құқығы жоқ.
Алаяқтық қылмысы кең көлемді әдіс-тәсілдермен жасалатын және оның негізгі мақсаты алаяқтармен жәбірленуші тұлғалардың ақша қаражаттарын немесе қандай да бір пайда табуға болатын мүліктерін иемдену болып табылады.
Сарқан ауданында алаяқтық дерегі бойынша 2020 жылдың 5 айында 4 қылмыс тіркелсе, 2021 жылдың 5 айында 3 қылмыс орын алды.
Бұл тұрғыда алаяқтар әр түрлі айла-тәсілдер ойластырып, оның ішінде төмендетілген пайызбен немесе тиімді жағдаймен «несие алып беру», «ұялы телефоныңды бере тұршы, қоңырау шалып алайын», «жұмысқа орналастырып беремін», «қосалқы бөлшектерді», «ұялы телефондарды» және басқа да интернет-саудамен заттар жеткізіп берумен байланысты. Бұл сенгіш қарапайым халықтың көмегімен пайда тауып қалуды көздеген алаяқтардың тек бірнеше әдіс-тәсілі, түрі мен сызбасы ғана, алаяқтықтың түрі көптеп таралған.
Алаяқтық көбінесе белгілі жағдайда жасалып, онда жәбірленушімен қатар, сол қаражатты немесе мүлікті алдап алған адамда белгілі. Оларды негізінен ұсақ-түйек алаяқтар құрап отыр. Алаяқтықтар өздерінің құрбандарын моральды-психологиялық тұрғыдан зерттеп, өзінің пиғылын жүзеге асыру үшін болатын деректерді бұрмалап және жалған елес тудырып, ауызша сөз нысанында немесе алуан түрлі әрекеттермен жәбірленушілерді алдап соғады.
Осы тұрғыда, жұмысқа орналасу, несие алу және жоғарыда аталған басқа да алаяқтық түрлері бойынша мемлекеттік органдардан түсіндірмелер алып, кез келген құқықтық, қаржы және т.б қатынастар жасауда алаяқтардың қақпанына түсіп, олардың құрбанына айналмау үшін сақтық шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеміз.
Сарқан ауданының прокуратурасы.