Алдағы міндет ауқымды

Жуырда аудан әкімі Талғат Қайнарбеков  ауданның бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен жүздесті.

Жиында аудан басшысы «Сарқан ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2021 жылға арналған жоспары» жайында баяндама жасады. Сонымен қатар, халық пен жергілікті биліктің арасында дәнекер болып жүрген журналистер, блогерлердің ойын тыңдап, өзекті мәселерлерді бірлесіп шешуге шықырды.

«Баршаңызға белгілі, биылғы жыл COVID-19 вирусының бүкіл әлемді, соның ішінде біздің елімізді, аудан жұртшылығын әбігерге салып, халықпен кездесу жиындарға тиым салынды. Осы орайда, билік пен бұқара халықтың арасында алтын көпір бола білген өздеріңіз, яғни, журналистер қауымымен қоғамдық ұйымдардың қажырлы еңбегі деп білемін. Еліміздегі ахуал жайында тың, сапалы ақпарат таратудағы және халықты тәртіпке шақырудағы Сіздердің еңбектеріңіз зор. Сол себепті өздеріңізбен жүздесіп, өз алғысымды білдіргенді жөн көрдім.

Бүгінгі жиында ауданның алға қойған жоспарлары жайында айтып өттім. Ендігі міндет жүйелі жұмыстардың жоспарларын жасап, елдің әлеуетін арттыру». – деді аудан әкімі Талғат Қанатұлы.

Сонымен қатар, жиында аудан аумағында туризм саласын дамытуға бағытталған жұмыстар жасалынып жатқандығы айтылды. Ауданымыздың жақұты Балқаш көлі мен тау бөктеріндегі мұздықтар мен әсем табиғаттың көркем көрінісін сақтай отырып, тамашалауға келетін туристтердің санын арттыру және ауданның экономикасын дамыту басты мақсат екендігін айтып жиналғандардың пікірлерін тыңдады. 

Сарқан-Ақпарат.

Мәліметпен бөлісу: