Алматы облысында 2025 жылға қарай жолдардың сапасын 99% — ға дейін жеткізу жоспарлануда


Алматы облысында 2025 жылға қарай жолдардың сапасын 99% — ға дейін жақсарту көзделген. Бұл туралы «Jetisý Media» брифингінде Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын жақсарту үшін ағымдағы жылы 283 жобаны іске асыруға 47,4 млрд.теңге қарастырылған.
«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына 27,7 млрд.теңге бөлінді. 419,2 км автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу жоспарлануда. Бұл тек осы жылға арналған жұмыстар кешені. Осылайша, 2025 жылға қарай Алматы облысындағы жолдардың сапасын 99%– ға дейін арттыру жоспарлануда», — деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ, брифинг барысында Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы бүгінгі таңда бөлінген 17 млрд.теңге игеріліп, 286 км автомобиль жолы жөнделгенін айтты. Ал «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 39 жобаны іске асыруға 17,1 млрд. теңге бағытталды және жалпы ұзындығы 191,9 км облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мәліметпен бөлісу: