Қоңыр ауылдық округінің тұрғындары толықтай коронавирусқа қарсы екпе алды. Қоңыр ауылдық округінде 1050 адам тұрады. 80-ге жуық тұрғын, денсаулық жағдайына байланысты екпе салдырудан босатылған. Тағы 400-і, кәмелет жасқа толмаған балалар. Ал, қалған 570 ауыл тұрғыны, COVID-19-ға қарсы толықтай вакцина алып, қатерлі дертті тоқтатуға өз үлестерін қосуда. Ауыл мұғалімдері де екпені толықтай алды. Олар оқу жылы сәтті бастап кетті. Қоңыр ауылындағы орта мектепте 210 оқушы білім алып, 75 мұғалім қызмет етеді. Жалпы айтқанда, оқу орны жеткілікті көлемде жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген. Күнделікті, кабинеттерде дезинфекция жүргізіліп, сабақтарда балалар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киіп отырады. Жалпы, Ескелді ауданы бойынша 23600 адам вакцинациялауға жарамды, оның 13600-і коронавирустық инфекцияға қарсы екпені толықтай алды. Бүгінгі күнге, тұрғындардың 57 пайызы вакцинацияланған. Халықты вакциналау үшін Қарабұлақ, Алдабергенов, Ақын Сара және Бақтыбай ауылдарында 4 екпе кабинеті жұмыс істеуде. Қосымша бір жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді. Қажет болған жағдайда, ауданның басқа ауылдарындада қосымша 6 егу кабинетін ашуға мүмкіндік бар. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі апта бұрын Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылдық округінің тұрғындары коронавирусқа қарсы екпені толықтай алған болатын.
Айта кетейік, бүгінгі күні облыста вакцинаныі бірінші бөлігін 678 876 адам салдырды, ал екінші компонентті 559 368 тұрғын қабылдады.
Соңғы тәулікте, облыс бойынша коронавирусқа шалдығудың 282 жағдайы тіркелді. Індетті өсу қарқыны- 0,6% құрап отыр.