Алматы облысында тоғыз дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту үшін көптеген жүмыстар жүргізілуде.
2020 жылдан бастап облысымыздағы барлық медициналық ұйымдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшті.
Қазіргі танда, облыс орталығы Талдықорған қаласының 6-шы шағын ауданында 16 қабатты үйдің бірінші қабатында 320 келушіге арналған алғашқы медициналық санитарлы көмек көрсету орталығы ашылған.


Ағымдағы жылы 3,8 млрд.теңге көлеміне тоғыз дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт салынады деп жоспарлануда.
Облыста кадрлардың тапшылығы да байқалуда. Бүгінгі таңда 241 маман жетіспейді,оның ішінде 126-сы арнаулы мамандықтағы дәрігерлер.
Мамандардың тапшылығының негізгі мәселесі тұрғын үйдің болмауы болып табылады. Осыған байланысты мамандарды, бірінші кезекте арнайы маманданған дәрігерлерді тарту үшін барлық аудандар мен қалаларда 126 пәтер сатып алу жоспарлануда , бұл жұмысқа 756 млн.теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, 47 жас мамандар резидентурада аса тапшы мамандықтар бойынша білімдерін шыңдауда , еліміздің медициналық ЖОО- да әкім гранты бойынша 36 студент білім алып жатыр.
Аудан әкімдерінің есептері бойынша жедел жәрдемге шағымдар айтылған. Осыған байланысты халық көп қоныстанған аудандарда бригада саны нормативке сәкес келмейтіні және көлік тапшылығы анықталды.Айта кетсек, 10 мың тұрғынға 1 бригада ғана жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.Сол себепті жедел жәрдемге арналған автомашиналарды сатып алуды , қосымша жедел жәрдем бригадасын құруды ойластырылуда.

Мәліметпен бөлісу: