Алматы облысында жыл соңына дейін жергілікті маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 90% – ға жетеді


Соңғы 5 жылда “Нұрлы Жол” бағдарламасы аясында жергілікті маңызы бар 1800 шақырым автожолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
“Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 77% – дан 84% – ға дейін ұлғайды, ағымдағы жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 90% – ға жетеді”, – деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов «Jetisy media» алаңында өткен баспасөз-мәслихатында.
Сондай-ақ, ол «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында өткен жылы 19 млрд.теңгеге 500 км-ге жуық жөндеу жұмыстары жүргізілгенін тілге тиек етті. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 3,2 млрд.теңгеге 97 км жол жөнделді. Нәтижесінде бұл облыстың 240 елді мекеніндегі ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Мәліметпен бөлісу: