Алматы облысының аумағында карантин және карантиндік шараларды босаңсыту туралы

Алматы облысының аумағында екінші сатыны іске асыру кезеңінде

карантин және карантиндік шараларды босаңсыту туралы Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 мамырдағы қаулысына сәйкес:

  1. Келесі объектілердің жұмысын тоқтата тұруды:
  2. Ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (орталықтары), отбасылық демалыс орталықтары.
  3. Елді мекендер арасында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын азаматтық әуежайлардың, аудандық, қалалық автовокзалдардың, автостанциялардың қызметін.
  4. Азық-түлік (ет павильондарынан басқа) және азық-түлік емес базарлары(құрылыс базарларынан басқа).
  5. Шектеу іс-шараларына қатысатын тұлғаларды және карантинге оқшауланған тұлғаларды орналастыруға тартылған объектілерден басқа қонақ үйлер, хостелдер.
  6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қолданыстағы Қаулыларына сәйкес онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар).
  7.  Түнгі клубтар, кальян барлары.
  8.  Білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақытын өткізу орындары және т. б..
  9. Ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубтар, квест, антикафе, боулинг-орталықтар және т. б.).
  10. Барлық меншік нысанындағы спорт нысандары (фитнес, йога, бассейндер, тирлер, атыс орындары және т. б.).
  11. Қоғамдық моншалар, СПА, сауналар, массаж орталықтары.
  12. Сағат 05.00-20.00 аралығында жылжуға рұқсат бере отырып, бау-бақша қоғамдарына, саяжай учаскелеріне жіберілетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру.
  13.  Келесі  қызметтер мен объектілердің қызметі уақытша тоқтата тұруға жатпайды:
  14. Меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар, оның ішінде стоматологиялық ұйымдар.
  15. Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.
  16.  Зертханалардың барлық түрлері.
  17.  Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.
  18. Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.
  19. Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.
  20. Телекоммуникация және байланыс (инженерлік қызмет қызметкерлері үшін (ұялы байланыстың базалық станцияларын, жөндеу бригадаларын, коммуникация желілерін басқару және карантин кезеңінде барлық жабық объектілерге, оның ішінде базалық станциялар және байланыс операторларының жабдықтары орналасқан сауда объектілеріне қол жеткізе отырып, техникалық қолдау орталығын монтаждау және салу).
  21. Тұқымдарды, көшеттерді, минералдық тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сату.
  22.  Курьерлік жеткізу.
  23. Ресми бұқаралық ақпарат құралдарын.
  24. Өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар.
  25. Көктемгі егіс, ауыл шаруашылығы, құрылыс және жол жұмыстарын жүргізуге байланысты.
  26. Автожанармай құю және автогаз құю станциялары қалыпты режимде.
  27. Мамандандырылған көлік құралдарының қызметтері және таксидің ресми қызметтері. Ол үшін көлік тиісті белгілермен (таксиге арналған дойбы) және жүргізушінің жеке басы туралы ақпараты жолаушыға көрнекті орында (жүргізушінің паспорттық деректері, кәсіпорынның деректері, телефон нөмірі, атауы, автомашинаның нөмірі) жабдықталуы тиіс. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеңіл көліктің толтырылуы үш адамнан (жүргізушіні қоса алғанда) аспауы тиіс. Санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау талаптарын күшейту. Жүргізушілер адамдарды әрбір тасымалдағаннан кейін дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, есік тұтқаларын және салонның ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуге міндетті, әрбір 3 сағат сайын ауыстырудың кезеңділігін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш бетперделер, қолғаптарды), сондай-ақ қолды өңдеуге арналған антисептиктерді пайдалануы тиіс.
  28. Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.
  29.  Салттық қызмет көрсету объектілері, зираттар.
  30. Бірінші басшылардың шешімі бойынша мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар (орталық және өзге де) және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары.
  31. Жеке орналасқан почта байланысының объектілері халыққа бір рет қолданылатын қолғаптар мен медициналық бетпердеде қызмет көрсетуін, почта хат-хабарларымен байланысты жұмыстарды жеке қорғаныш құралдарында (халат, медициналық бетперде, қолғаптар) жүргізуді қамтамасыз етсін.  
  32.   COVID-19 тіркелуіне байланысты күшейтілген карантин режимі енгізілген елді мекендер мен объектілерді қоспағанда, Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды босаңсыту кезеңі барысында қызметке рұқсат етілетін объектілер мен қызметтердің тізбесі:
  33. Сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен автожуу, ТҚС, шиномонтаж.
  34. Сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары.
  35. Сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен өтінімдер бойынша нотариустардың қызметтері.
  36. Сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен Заң қызметін көрсететін субъектілер (адвокаттар, сот орындаушылары және т.б.).
  37. Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен жеке тұрған автобөлшектер мен құрылыс материалдарының дүкендері.
  38. Екінші деңгейдегі банктер және олардың жанындағы айырбастау пункттері, кредиттік серіктестіктер, микро қаржы ұйымдары әдеттегі режимде.
  39. Сағат 05.00-20.00 аралығында жылжуға рұқсатымен бау-бақша қоғамдарына, саяжай учаскелеріне бағыт алған қоғамдық көлік.
  40. Күзет ұйымдарының қызметтері;
  41. Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету бойынша қызметтер.
  42. Құрылыс базарлары.
  43. Ауданы 500 м2 дейін сағат 17:00-ге дейін азық-түлік емес дүкендер.
  44. Тұрмыстық техниканы сататын дүкендер;
  45. Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен тұрмыстық және электрондық техниканы жөндеу бойынша қызмет көрсету объектілері.
  46. Сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсатымен алдын ала жазылу бойынша шаштараз және сұлулық салондары.
  47.  Оптика дүкендері, фотосалондар, гүл дүңгіршектері.
  48. Жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша компаниялар, жарнама агенттіктері.
  49. Сақтандыру компаниялары, ломбардтар.
  50. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
  51. Көрермендерсіз ашық ауадағы спорттық шаралар мен жаттығулар.
  52. Жазғы туристік маусымға дайындық бойынша адамдарды орналастыру және демалу орындары санаторийлерде, балаларды сауықтыру мекемелерінде, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, мұражайларда, туристік фирмаларда туристерді қабылдау және қызмет көрсету құқығынсыз жүргізіледі.
  53.  Карантиндік шаралар кезінде жұмыс істейтін объектілерге мынадай санитариялық және дезинфекциялық режимдерді сақтау қажет:
  54. жұмысы алыстан жүргізілуі мүмкін қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстыру;
  55. кіреберісте және шығаберісте қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату;
  56. барлық қызметкерлерге бір рет қолданылатын бетперделер мен қолғаптарды пайдалану;
  57. үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларының, есіктердің барлық беттерін және едендерді дезинфекциялық құралдармен қолдану нұсқаулығына сәйкес күніне кемінде 3 рет өңдеу;
  58. келушілердің бетпердесіз болуына жол бермеу;
  59. келушілердің әлеуметтік қашықтығын кемінде 2 метр сақтауды қамтамасыз ету.
  60. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары осы қаулының қолданылуының барлық уақытында әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруға тиіс және өз қызметін қашықтықтан жалғастыра алады.
  61.  Өндірістік өнеркәсіп объектілерінің субъектілеріне, сондай-ақ осы қаулының IX, X бөлімдерінде көрсетілген объектілерге қамтамасыз ету:
  62. қызметтерін алыстан орындауға болатын қызметкерлерді қашықтық режиміне ауыстыру;
  63. әрбір рейстен кейін күнделікті дезинфекциялық өңдеп, қызметкерлерді бөлінген автокөлікпен жеткізуді ұйымдастыру;
  64. дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, объектіге кіреберісте дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) орнату;
  65. кіреберісте және шығаберісте, сондай-ақ барлық өндірістік үй-жайларда қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату;
  66. әрбір ауысым алдында, объектіні өткізу пунктінде бақылау журналына тіркей отырып, температураны өлшеу, жіті респираторлық жұқпалары бар қызметкерлерді жұмысқа жіберуге жол бермеу (жоғары температура, жөтел, мұрын бітуі және т. б.);
  67. вирустық инфекция (жөтел, тұмаудың болуы, дәм сезімінің жоғалуы, ентігу, жоғары температура, диарея) ауруына күдікті адамдар анықталған кезде 103 шақыру;
  68. есіктердің тұтқаларын, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, едендерді дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинауды жүргізу және үй-жайларды желдетуді, дәретханаларды, оның ішінде аулаларды жұмыстың әрбір 3 сағат сайын және жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін күшейтілген дезинфекциялық жинауды жүргізу.
  69. кәсіпорындардың тамақтану пункттерінде өзіне-өзі қызмет көрсетуге тыйым салу;
  70. персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперелерді пайдалануын қамтамасыз ету (бетперделерді 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);
  71. Қоғамдық тамақтандыру саласындағы, кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне):
  72. тұтынушыға дейін тауарды бір реттік орамда (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыру;
  73. персоналмен жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғаптар мен бетперделердің пайдалануын қамтамасыз ету (бетперделерді 3сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);
  74. жіті респираторлық жұқпалары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітуі және т. б.) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;
  75.  кіру және шығу кезінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату;
  76. есіктердің тұтқаларын,  үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, эскалаторлардың тұтқаларын, баспалдақтарды, есіктерді, едендерді дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинауды жүргізу және үй-жайларды желдетуді, дәретханаларды, оның ішінде аулаларды жұмыстың әрбір 3 сағат сайын және жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін күшейтілген дезинфекциялық жинауды жүргізу.

Барлық сұрақтар бойынша аудандық кәсіпкерлік бөліміне хабарласуыңызға болады. 8/72839/21435, 87077023961

Мәліметпен бөлісу: