Құрметті Алматы облысының тұрғындары 2020 жылдың 11 сәуір күні сағат 21-30 да Талдықорған қаласының әуежайына Шарджа қаласынан (БАӘ) рейс қонды. Бұл рейсті қабылдау және отырғызу Республикалық штабпен келісілген.
.
Келген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады, олар кейбір жағдайларға байланысты сол жерде қалып қалды, келушілерді қабылдау және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің азаматтық борышымыз! .
Әуежайда күшейтілген санитариялық қауіпсіздік шаралары қабылданды.
Борттағы барлық жолаушылар байланыссыз термометрия мен сауалнамадан өтіп, келген жолаушылармен қарым-қатынас барынша азайтылды.
Келгендердің арасында температурасы бар адамдар анықталған жоқ, ауру белгілері болған жоқ.
.
Барлық жолаушылар карантиндік стационарларға орналастырылды. Барлық келген азаматтардан зертханалық зерттеулерге материалдар алынды, диагностикалық зерттеулердің нәтижелері жұмыс барысында.
.
Карантин аяқталғаннан кейін барлық келген жолаушылар тұрғылықты жеріне жөнелтіледі.
Келгендердің барлық жүгі мен жеке заттары, сондай-ақ әуе кемесі, автобустар дезинфекциялау құралдарымен өңдеуден өтті.
.
Біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күшейтілген шаралар қабылдануда. Нысандарда полиция постары қойылды, тәулік бойы сан-эпид қызмет мамандары, медициналық қызметкерлер кезекшілікте. Жағдай бақылауда.
.
Барлық адамдарға тыныштықты сақтап, жеке гигиена ережелерін сақтауды өтінемін.
Барлық күш-жігерімізді біріктіру арқылы біз барлық қиындықтарды жеңеміз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!