Алматы облысының ХҚКО жұмыс кестесін уақытша өзгертті

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19 маусымдағы №17 қаулысына сәйкес аймағымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті.
Облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайтын болады.
Осыған байланысты Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен қызмет алу үшін кезекті сағат 16:30-ға дейін брондау қажет. Түсіністікпен қарауларынызды сұраймыз!

Мәліметпен бөлісу: