
11 ақпан күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен Конституциялық реформаларды талқылауға арналған жиын өтті.
Жиынның басында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков Конституциялық реформа – бұл тек саяси өзгеріс емес, бұл – елдің болашағын айқындайтын тарихи әрі маңызды қадам болып табылатынын тіліне тиек етті.

Отырыс барысында қатысушылар конституциялық өзгерістер қоғамдық өмірдің негізгі салаларын қамтитынын атап өтіп, оларды түсіндіруде және халықты реформалар үдерісіне атсалысу бойынша азаматтық сектордың маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

Жиын қорытындысы бойынша азаматтық қоғамның белсенділігі конституциялық реформалардың сапасын арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты әрі ашық диалогтың дамуына ықпал ететіні атап өтілді.
