
Талдықорғанда «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев жүргізді.
Кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында көтерген жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнерді дамыту жолдары және мәдени объектілерді салу мен жөндеу мәселелері қаралды.

Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов аталған мәселелер бойынша баяндама жасап, өңірдегі мәдениет нысандарының қазіргі жағдайына тоқталды.

- «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнердің дамуы. Осы салаға бұрынғыдай айрықша мән береміз, тиісті инфрақұрылымды саламыз және қажет болса жөндеуден өткізіп, қалпына келтіреміз. Өнер адамдары еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелге паш етіп жатыр. Бұл – құрметке лайық жұмыс. Сондықтан мәдениет қайраткерлеріне қажетті қолдауды көрсетеміз. Бірақ олар жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», деп — «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.
Жетісу облысы құрылғаннан бері мәдениет саласының инфақұрылымын жан-жақты дамытуға соңғы жылдары баса мән беріліп келеді.
Атап айтар болсақ, 5 мәдениет объектілеріне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 8 блокты-модульді клубтар орнатылып, сондай-ақ 8 мәдениет мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін 3 мәдениет үйлеріне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 5 блокты-модульді клубтары орнатылып, қолданысқа беріледі», — дейді ол
