«Анаға құрмет»

Алдын ала ел аузындағы ерлі-зайыпты өнерпаздармен жолығып, жұртшылық ризашылығын жеткіздік.

-Тыңдармандарыма ризамын,-дейді Рамазан Стамғазиев. -Жаныма жақын халықтық ән өнерін дәріптеп, жұрт жады нан өшіп бара жатқан сирек орындалатын туындыларға ден қойып жүрмін.

Концертке жиналғандар халық арасында «Дариға-дәурен», «Арман», «Сәуле ғұмыр», «Айсәулем» әндері-мен кеңінен танымал Рамазанның халық әндерін, халық композиторларының әндерін зерттеушілерге тән парасаттылықпен түсіндіре отырып, жұртшылық жүрегіне жеткі-зетіндігіне тәнті болды. Залдан ө  здерінің көңіл түкпіріндегі әндерін естігісі келетіндердің сауалдары да әйгілі әнші тарапынан ұмыт қалмады.

 

Бағыттары әртүрлі болса да Рамазан мен Ұлту сол күні дуэт болып ән шырқады. Сол күні Ұлту Қабаеваның репертуарындағы «Сүйгендер жырлайды» және тағы да басқа ырғақты-әуезді эстрадалық әндер өз тыңдармандарын тауып жатты.

-Мен өнерді жақсы бағалаймын, қай жерге барсам да Рамазанның құдасы деп мені танып жатады,- дейді құдаларының осы гастрольдік сапарына ұйытқы болған Алматы қаласы «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің Алмалы ауданының басшысы, Сарқан ауданының Құрметті азаматы Алтай Нұрқанұлы. –Осы концертте де Рамазан мен Ұлту өздерінің биіктерінен төмендемеді.

Ж.МАҚАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: