«Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен Сарқан қаласының тұрғыны Жүніспекова Ғазезбану Рахымбайқызы «Ана жүрегі» медалімен марапатталды.
Мерей өсірер марапатты 22 наурыз-Ұлыс күні қарсаңында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Талғат Әлсейтов иегердің үйіне барып өңіріне қадады. Астанадан арнайы келген медальдің 76 жастағы Ғазезбану Рахымбайқызына берілуі тегін емес. Бауырынан өрбіген балаларының бірі Жүніспеков Қайрат Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің басшысы, әділет подполковнигі болса, төлбасы Жүніспеков Исатай ұзақ жылдар ішкі істер саласында жемісті еңбек етті. Немерелердің ішінде де әскери жолды таңдап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүргендер бар. Меймандар ананың өнегелі өмір жолына үңіліп, ақ батасын алып қайтты.
П.ЖЕҢІСХАН