Аналар қауымына құрмет

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Марат Разбеков ғасыр жасаған аналардың, атап айтқанда 107 жастағы  Белдеубай  Алтынжанның, 102 жастағы Ахметова   Кафия Садыққызының және Каменова  Жамалханның ақ батасын алып,   Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың  құттықтауын табыс етіп, мерекелік сый-сияпаттар ұсынды.

Осы сапарда аудан әкімі көп балалы аналар    Ибраимова Сымбаттың, Иманбаева Найляның, Есмұратова Гүлназдың отбасыларына арнайы бас сұғып, мерекелік сыйлықтарын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, хал-жағдайларымен танысты. 

Сапар барысында Марат Мелісұлымен бірге аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Абдрахманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлері, ақпарат саласының өкілдері болды. 

Мәліметпен бөлісу: