Антикор Жетісу жаңа бизнес идеяларды іске асыруда гранттар беру туралы шарттарда заңсыздықтарды анықтады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында Жетісу облысының аудандары мен қалаларының халықты жұмыспен қамту орталығының бөлімдері кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтады.2022 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру бойынша дара кәсіпкерлермен 10 күндік мерзім белгілей отырып, бұзушылықтарды жою бойынша негізсіз талаптарды кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделмеген шараларды қоса отырып, шарттар жасалды.Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында уәкілетті органның атына негізсіз тармақтың қолданылуын заңнамаға сәйкес келтірілгенге дейін тоқтата тұру туралы тиісті ұсынымдар жіберілді. Уәкілетті орган осы талаптарды орындады.Осылайша, Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 617 кәсіпкердің құқығын қорғады.