Жақында Сарқан аудандық полиция қызмет-керлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстады деп хабарлайды аудандық полиция бөлімі.
Атап айтқанда 23 қаңтар күні АП бөлімінің қызметкерлері, полиция лейтенанты Олжас Тұрсынханов және полиция сержанты Айзат Қасымхан көрші Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында аса ауыр қылмыс жасап, ізін суытпақ болған 1975 жылы туылған «Д» есімді азаматты арнайы шара аясында Алматы-Өскемен бағытының 426 шақырымында көліктерді жіті тексеру кезінде қылмыскерді қолға түсіріп, аудандық полиция бөліміне тапсырған. Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Қоғам үшін қауіпті қаныпезерді дер кезінде қолға түсірген полиция қызметкерлері «Азаматтарымыздың қауіпсіздігі біздер үшін өте маңызды. Кез келген қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу, қылмыстың алдын алу ол біздің абыройлы міндетіміз»,-дейді.
Аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұрат Қалиасқаров әріптестерінің қырағылығын бағалай отырып, оларды Алғыс хатпен марапаттады.
Өз тілшіміз.