Ардагерлер ерлігі ұмытылмас

Ұлы Жеңістің 75-жылдығы мерекесін тойлау қарсаңында осы мерекеге орай ұштастырылған іс-шара Сарқан аудандық пробация қызметі бөлімі, «Жалын жүрек» жастар қоғамдық бірлестігі ҮЕҰ-мен бірлесе ұйымдастырылып, «Еріктілер жылы аясында» жастардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру, ардагерлерімізге құрмет, әлеуметтік қолдау көрсету бойынша «Ардагерлер ерлігі ұмытылмас» атты акция өткізілді.  

Шара барысында Сарқан аудандық пробация қызметкерлері «Жалын жүрек» жастар қоғамдық бірлестігі ҮЕҰ еріктілерімен бірлесіп Сарқан ауданы, Қарғалы ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Галкин Алексей Федоровичті Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерекесімен құттықтап,  көкөніс себеті тарту етілді. Ардагерге еріктілермен қыс мезгіліне отын тамызық әзірлеу түрінде көмек көрсетілді. Сұхбат барысында ардагер кейінгі жас ұрпақтарға өзінің жылы лебізін   білдіріп, алғыс айтты. Акция мақсаты жастарды  Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап, фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпауға, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақыру, сонымен қатар,  ардагерлерге ықыласпен қарауға тәрбиелеу, өмірдің қатал сындарына шыдап, көңілдеріндегі үміт отын өшірмеген қарттарға қуанышты көңіл-күй сыйлау.

Т.Жарманова,

аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет капитаны.

Мәліметпен бөлісу: