Ардагерлерді ардақтайық

Сарқан қала əкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі əдіскер-нұсқаушысы жəне «Парыз» Сарқан ауданының ерікті-лері ұйымдастырумен өткен акцияда қаламыздың Ш.Қалдаяқов №4 көшесінде тұратын жалғыз басты Татьяна Андреевна атты қариямыздың үйінде отын бұтау жұмыстары жүргізілді.

 

 

Акцияның мақсаты: Ұлы Отан соғысы ардагерлері, аса мұқтаж жалғызбасты тыл еңбеккерлері, жалғызілікті қарттарға қамқорлық көрсету, жастарды үлкен адамдарға ықыласпен қарауға тәрбиелеу және қоғамның қамқорлығынан қалыс қалмағандарын көрсету болып табылады. Акция аясында қария апамыздың үйіндегі жиналған отындары бұталып, ретке келтірілді.

А.САЛИМБЕКОВ,

Сарқан қала әкімі аппаратының жастар ісі жөніңдегі әдіскер-нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: