«Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 14 маусымынан бастап, Сарқан ауданы бойынша «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция бастау алды. Шараның мақсаты – жастардың бойына патриотизмді дәріптеу, өскелең ұрпақтың аға буынға деген қамқорлығы мен сыйластығын қалыптастыру және жауапкершілікке тәрбиелеу. Шара нәтижесінде 50 ерікті жастар аудандағы 45 жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға түрлі әлеуметтік көмектер көрсетті. Аудан жастары бірлесе күш біріктіріп, көңіл мен көмекке мұқтаж қарттарға қол үшін беруді мақсат тұтуда.
#qazaqstan30