Ардагерлерді ардақтайық

«Парыз» Сарқан ауданының еріктілері жастар қоғамдық бір-лестігі 2017 жылдың мамыр айында Алматы облысы көлемінде ұйымдастырылған “әлеуметтік идеялар және жобалар” жәрмеңкесіне өтінім білдіріп, Алматы облысы әкімінің 200 мың теңге грант иегері атанды. Қоғамдық бірлестікке қажетті материалдық-техникалық база сатып алып аудан бойынша  қайырымдылық іс-шара жүзеге асырылуда.

Осыған орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты акция ұйымдастырылып, еріктілер қаламыздың жалғыз басты қариялары Колечит Нина Александровна және Қайырханова Күлән апайымыздың үйіне қонаққа келіп қажетті әлеуметтік көмек көрсетті, үй ауласын жөнге келтірді, тазалық жұмыстарын жүргізді және отын-бұтақтар шабылды.

 А.Бекова,

«Парыз» Сарқан ауданының еріктілері  жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері.

Мәліметпен бөлісу: