Қарттар аман-сау жүрсін

Аға буын қартайғанда қайғы ойламас үшін 2020 жылы 6 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Заң аясында мемлекет тарапынан соғыс ардагерлеріне ғана емес тың игеруге атсалысқандарға да тиісті көмек көрсетіледі. Әлемде бейбітшілікті сақтауға үлес қосқан қазақстандық ардагерлер де назардан тыс қалмайды.

Қарттар күні қарсаңында бір топ ардагерлердің басын қосқан аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков қарттарға жасалып жатқан қамқорлықты өз сөзіне арқау етті. Ол егде жастарына қарамастан қоғамның түрлі салаларындағы  іс-шараларға белсенді атсалысып жүрген аға буын өкілдерін марапаттап, ризашылығын білдірді. Өз кезегінде ауданымыздың қарт ақыны Сабырхан Жақыпов ақ тілегін өлеңмен жеткізді.

Тірліктің ащы-тұщы дәмін татқан,

Өмірдің ауыр жүгін өрге тартқан.

Ардагерлер бас қосқан армысыздар,

Өнегелі ісіңмен келе жатқан.

Жарасып Алатаудың шыңдарындай,

Бас қосқан бүгінгі күн жылдағыдай.

Әлі талай бас қосу өтерерміз,

Тысқары топырақтан қылса құдай.

Армысыз алтын құрсақ аналарым,

Сіздердің артық мәңгі бағаларың.

Жүзге келсе екен деп шын тілейді,

Өздері де шал болған балаларың.

Өздерің өткен күннің есебіндей,

Тарихтың жеке-жеке кесегіндей.

Мәңгілік ел қазақтың ардагері,

Ойнап күліп жүріңдер кешегідей.

Ж. МАҚАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: