Қарттар – асылдың көзі

Ең жарқын және шын жүректен тойланатын мерекелердің бірі  1 қазан – қарт адамдардың Халықаралық күні. Оны бүкіл прогресшіл адамзат атап өтеді. Бұл аға ұрпақтың қаһармандығына зор алғысымызды білдіруге мүмкіндік туғызатын күн ғана емес, сонымен бірге оларға шынайы назар аударылатын да күн. Бұл аға ұрпақтың мұқтажына тағы да бір зер салуға жақсы себеп болатын күн. Тұрмысының жайлы болуына көмектесіп, нақты қолдау жасалатын күн. Бірақ, бұл біздің парызымыздың азғантай ғана бөлігі. Осыған орай, Қарашыған ауылдық М.Төлебаев ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлері мен мектеп оқушылары «Қарттар – асылдың көзі» атты концерттік бағдарлама өткізді. Бағдарлама барысында ауыл әкімі Б.Тоқтасынов ауыл қарияларын құттықтап өтсе, ауылдық ақсақалдар алқасы К.Құдайбергенов  өз жылы лебізін білдірді. Сөз арасында келген қонақтар концерт ұйымдастырушыларына шығармашылық табыс, жақсы көңіл – күй тіледі.

Шара соңында ауыл кітапханашысы Л.Шалқыбекова ауыл қарияларына «Өмірдің өрінен, құрметтің төрінен көрініп, жан-жақтарыңызға жақсылық шуақтарын шашып, немере-шөберелеріңіздің рахатын көріп, аман-есен жүре беріңіздер» деп өз ақ тілегін білдірді.

 

А.Бимолданова,

 М.Төлебаев ауылдық Мәдениет үйінің музыка жетекшісі.

Мәліметпен бөлісу: